1.03.2022, 12:00
Оқылды: 62

Калифорнияда шіркеуде атыс болып, бес адам қаза тапты

Дүйсенбі күні Сакраменто қаласының (Калифорния штаты) маңындағы шіркеуде атыс болып, кемінде бес адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BNO News телеарнасына сілтеме жасап.

220301093757876e

Оқыс оқиға орнында Сакраменто ауданының полициясы, сонымен қатар арнайы жасақ жұмыс істеуде. Телеарна өзінің Twitter парақшасында бес адам қаза болғаны туралы ақпаратты тәртіп сақшылары растағанын жазды.

Атқан адамның кім екені мен оның мақсаты белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің арасында балалар да бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале