23 наурыз Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан халықаралық турнир өтеді. Бір аптаға созылатын бәсекеге Қазақстан боксшылары да қатысады - деп жазады Olympic.kz.
Фото: olympic.kz
Оннан астам елден 100-ден аса боксшы қатысатын турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Турнирге қатысатын Қазақстан боксшылары:
48 келі: Теміртас Жүсіпов
51 келі: Дамир Әбдіқадыр
54 келі: Тимур Қабешов
60 елі: Талғат Сырымбетов
63,5 келі: Серік Теміржанов
67 келі: Бақтияр Смағұлов
71 келі: Дархан Дүйсебай
75 келі: Тимур Нұрсейітов
86 келі: Бекзат Таңатар
92 келі: Сағындық Тоғамбай
92+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев