27.04.2021, 9:41
Оқылды: 123

Қан майдан қаһарманы

Александр Старцев 1926 жылы 18 қыркүйекте Орынбор облысы Балабанов ауылдық кеңесінің Павлов елді мекенінде дүниеге келген. Отбасында бес ағайынды. Әкелері ерте қайтыс болған соң, оларды атасы тәрбиелеген. Александр Тимофеевич бала кезінен еңбекке ерте араласқан. 1941 жылдың маусымында соғыс басталғанда Александр  басқа жасөспірімдер секілді мектеп үстелін ұмытып, колхозда жұмыс істей бастайды. Яғни 16 жастағы жасөспірім "Красный клин" колхозының Чиров – Павлов бригадасында тракторшы болып еңбек етеді.

Старцев1

Кейін 1943 жылдың қараша айында ол Кеңес әскерінің қатарына шақырту алып, майданға аттанады. 1943-1944 жылдары  31-атқыштар полкінде, 1944 жылы 5-атқыштар бригадасында болды. Содан  соғыс аяқталғанға дейін 176-атқыштар полкінде жүріп, фашист басқыншыларымен соғысады.  1944-1948 жылдары Кавказдағы бандитизмге қарсы күреске қатысады. Солтүстік Кавказда жүргенде сол жақ білегі мен  жамбас сүйегі жарақаттанады. Бас-ми  жарақатын алған.

Александр Тимофеевич – тоғыз жыл ғұмырын Отанын қорғауға арнаған жан. 1952 жылы желтоқсанда  еліне оралады. Ол соғыс туралы, майдандағы ерлігі жөнінде айтқанды ұната бермейді. Десе де, соғыстағы қайсарлығы үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы, "Германияны жеңгені үшін" орден-медальдарымен марапатталған.

Кейіпкеріміз Александр  Старцев 1952 жылы Тасқала ауданының Рубежин ауылына қоныс аударады. Бейбіт заманда да аянбай еңбек етіп, білім саласында, Приурал балық инспекциясының аудандық инспекторы болып қызмет атқарды. Қай қызметте болса да, өзінің іскерлігін, жауапкершілігін көрсете білді. Бір сөзбен айтқанда, бейбіт өмірде қызу еңбектің қазанында қайнады. Бүгінде ол – өсірген ұл-қызының қуанышына кенеліп, шөберенің алақанынан су ішіп, елдің амандығы мен бейбітшілігін тілеп отырған  бақытты ата.

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады. 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале