21.05.2021, 16:28
Оқылды: 270

Канададан да жылдам

Көп жылдан бері Канадада тұратын Қазақстан азаматы Айнұр Әліпқалиева туып-өскен Орал қаласына жиі келіп тұрады. Осы жолы келгенде жеке куәлігі мен төлқұжатын ауыстыру үшін Орал қаласындағы №1 халыққа қызмет көрсету бөліміне жүгінген. Дайын болған құжатын алуға келген Айнұрды бізге тілге тартып, Қазақстан мен Канададағы мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті туралы сұрастырып көрдік.

 канада1

«Канадада құжаттарды қабылдап, дайындайтын арнайы мекеме бар. Қызмет көрсетуі де біркелкі – электрондық кезек, құжаттардың үйге жеткізілуі дегендей. Бірақ мені қуантқаны – Қазақстанда жеке куәлігім мен төлқұжатым 2-3 күнде дайын болды. Ал Канадада аталмыш құжатты үш аптадан екі айға дейін күтуге тура келеді. Мен тек бір аптаға ғана келген едім, жаңа құжаттарымды тез алып үлгердім. Ыждағаттылық пен керемет сервис үшін алғыс айтамын», - деп Айнұр Тихонқызы өз пікірін жеткізді.

2021 жылдың мамыр айынан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жүргізуші куәлігі, жеке куәлік пен төлқұжатты қоспағанда дайын болған 144 түрлі құжатты жеткізу сервисі іске қосылғанын айта кету керек. Бұл сервис жақын арада барлық аймақтарда да қолжетімді болады.

*Анықтама: 5 жыл бұрын Канада мен Австралияның мемлекеттік қызмет көрсету моделі бойынша құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бүгінде 659 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Қазақстан бойынша 340 ХҚО бөлімі жұмыс істейді. БҚО-да 18 орталық қызмет көрсетеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале