4.12.2020, 21:03
Оқылды: 129

Қандай жағдайларда мемлекеттік туды пайдалануға болмайды?

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ҚР Мемлекеттік туын пайдалануға жол берілмейтін жағдайларды түсіндірді.

22A81652-73D8-4F0C-81D0-DE19CF113B98

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көлеміне қарамастан, ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың ұлттық стандарт талаптарын бұзып, мемлекеттік туды пайдалануына жол берілмейді. Атап айтқанда, ұлттық стандартқа сай келмеу дегеніміз – Мемлекеттік тудағы нысанды, мөлшерді және техникалық талаптарды бұзу. Мемлекеттік ту ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда, ҚР Үкіметі айқындаған тәртіппен ауыстырылып, жойылуы керек», - деп атап өтті министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік туды заңсыз дайындағаны үшін әкімшілік айыппұл салынады. Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік туды мазақ ете алмайды. Министрдің айтуынша, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №801 қаулысымен ҚР Мемлекеттік туын, елтаңбасын және олардың бейнелерін, ҚР Мемлекеттік гимнінің мәтінін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Ендігі кезекте бұл өзгерістер арқылы азаматтарымыз үшін Мемлекеттік туды пайдалану аясы заңнамалық тұрғыда кеңейтіліп отыр. Ең алдымен ҚР Мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру үшін, ел азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана алады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале