12.10.2022, 10:31
Оқылды: 46

Қандас мәртебесін алушылар қатары көбейді

Осыған байланысты Орал қалалық №1 ХҚО бөлімінде қандас мәртебесін тағайындау қызметіне арнайы қабылдау «терезесі» ұйымдастырылды. Жыл басынан бері 9 ай ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 76 азамат қандас мәртебесін алуға өтініш тапсырса, соңғы он күнде 53 адам қабылданған.

IMG-20221012-WA0004

ХҚО бөліміне жүгінген кезде клиент қандас мәртебесін беру (ұзарту) туралы өтініш, автобиография, туу туралы куәлік, төлқұжат тапсыруы керек. Қызмет 3 жұмыс күнінде көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл қызметті eGov порталы арқылы да алуға болады.

P.s. Қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның қазақ ұлты отбасының мүшелері.

БҚО ХҚО-ның баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале