Соңғы кездері қаламызда қаңғыбас иттердің көбейіп бара жатқаны қоғам наразылығын тудыруда. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жиі жазылып та жүр.
Жақында ғана Қарағанда облысы, Сәтбаев қаласында ойнап жүрген 6 жасар қызды иттер талап, нәтижесінде сәби жазым болды. Қазіргі күнде қайғылы дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалған. Дәл осылай топталып жүрген иттер біздің қаламызда да аз емес. Сондықтан «Қаңғыбас иттердің қоғамға қауіптілігін азайту мақсатында қандай жұмыстар жүргізілуде? Итке қабылып қалған адамдар саны қаншалықты? Қаңғыбас иттер қашан азаяды?» деген сұрақтармен тиісті мекемелерге хабарластық.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметіне қарағанда биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 1306 адам жабайы және үй жануарларына қабылып, емдеу мекемелеріне жүгінген. Дәл осындай шағыммен 2019 жылы 1734, 2018 жылы 1902 адам емдеу мекемесінің есігін қағыпты.
Қаңғыбас иттердің қашан азаятыны туралы мамандар пікірін, жалпы мақаланың толық нұсқасын «Орал өңірі» газетінің 20 қарашада жарық көретін №92 санынан оқи аласыздар.
Гүлжамал Жолдығали,
zhaikpress.kz