20.04.2022, 11:15
Оқылды: 10

Қаңғыбас итті асыраған зейнеткерге 15 мың теңге айыппұл салынды

Қарағандыда зейнеткерге қаңғыбас итті асырағаны үшін айыппұл салынды. Әйел ауланы ластады деп айыпталған, енді ол 15 мың теңге айыппұл төлеуі керек, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

002

Зейнеткер Ольга Баркова ауладағы итке тамақ берген. Алайда бұл көрші үй тұрғындарының бәріне бірдей ұнамаған, осылайша, олар учаскелік полицейді шақырған.

"Балалар жақындаса, үреді. Мысалы, немереммен жалғыз шығуға қорқамын. Ұлымнан сұраймын немесе адам көп болған кезде шығамын. Себебі ит күшіктеріне байланысты шабуылдауы мүмкін. Учаскелік полицейге бір ай бойы қоңырау шалдық", - деді Насиля Бейсембаева.

Телеарна мәліметінше, сот процестерінен кейін Ольга Барковаға "ауланы ластағаны" үшін айыппұл салынған.

"Мен зейнеткермін, зейнетақым - 60 мың, айыппұл - 15 мың. Жануарларға сүт құйғаным үшін осылай болып отыр. Олар жылай бастағанда, аш болғанда, айқайлағанда, кім шыдай алады?" - дейді Ольга Баркова.

Үй тұрғындары жануарлардың баспаналарына бірнеше рет хабарласып, хабарландырулар жібергенін айтты, бірақ үй жануарлары көбейіп кеткен. Ал еріктілер оларды тегін зарарсыздандыруға уәде берген. Бірақ бұл жануарды біреу асырап алғанда ғана жүзеге асады. Әлі тілек білдірушілер табылмаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале