21.12.2021, 15:00
Оқылды: 122

Қаңтар айында қазақстандықтар неше күн демалады

2022 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25

Биылғы жылдың соңғы күні 31 желтоқсан – жұмаға сәйкес келеді және жұмыс күні болып есептеледі.

Елімізде қаңтардың 1 мен 2-сі күндері Жаңа жылға орай ресми түрде демалыс күні саналады. Ал 2022 жылдары бұл күндер сенбі мен жексенбіге дөп келіп тұр. Демек, 3-і мен 4-і дүйсенбі мен сейсенбі де қазақстандықтар үшін демалыс болады. Өйткені, мереке күндері сенбі мен жексенбіге тура келгенде демалыс келесі күндерге созылады.

Қазақстанда 2 діни мереке күндері демалыс деп жарияланған. Келер жылдың 7 қаңтары Рождество мерекесі жұма күніне түсіп, 7, 8, 9 қаңтар демалыс күні болады.

Осылайша жалпы сенбі-жексенбі күндерін қосқанда, қазақстандықтарды қаңтар айында 13 демалыс күні күтіп тұр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале