Қаңтарда өтіп жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан талапкерлердің 34 пайызы 50 балл жинай алмады. Бұл туралы ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 103 886 өтінім қабылданды. Оның ішінде 95 пайызы осы жылғы 11 және 12 сынып оқушылары, ал 4 765-і жоғары оқу орнына академиялық кезеңге шартты түрде қабылданған 1-курс студенттері, 413-і педагогикалық ғылымдар саласына ауысатын студенттер және 327-сі шығармашылықтан басқа білім беру топтарына ауысатын студенттер болды», - деді ол Білім министрлігінің аппарат жиналысында.
Оның дерегінше, осы уақытқа дейін 29 мың талапкер тест тапсырып үлгерді. Олардың ішінде қазақ тілінде 78 пайызы, 21 пайызы орыс тілінде тапсырды. Мұнан бөлек 43 бала ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға білдіріп, оның 38-і тестілеуге қатысты.
«50 балл жинай алмаған талапкерлердің саны 10 мың адамды құрайды. Яғни 34 пайызы белгіленген шекте межеден аса алмады. 65 пайызы шекті межеден асты. 5 пән бойынша орташа балл – 65,14. Ең жоғар балл – 134», - деді Руслан Емелбаев.