Диетология профессоры Карен Делла Корте әртүрлі өнімдердің құрамындағы қанттың зиянын бағалады. Ол бұл туралы Daily Mail басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: pixabay.com
Карен Делла Кортенің сөзінше, бірнеше ғалыммен бірігіп, 2-типті қант диабетінің дамуы бойынша зерттеу жүргізген. Оның айтуынша, газдалған сусындар мен шырын бұл аурудың даму қаупін айтарлықтай арттырады.
- Газдалған сусындар, энергетикалық сусындар және спорттық сусындар, жалпы қант қосылған сусындардың әрбір 350 миллилитрі қант диабетінің қаупін арттырады, - деді диетолог.
Профессор нан өнімдері мен балда кездесетін қант қант диабетіне бұлай әсер етпейтінін айтты.
Сарапшының пікірінше, кейбір жағдайларда бұл өнімдер тіпті қандағы глюкоза деңгейін төмендетуге көмектеседі.