17.08.2023, 10:45
Оқылды: 51

Қанжығада қола медаль

Таяуда Белоруссияның Солигорск қаласында ТМД елдерінің ойындары мәреге жетті. Спорттың бірнеше түрінен өткен посткеңестік елдер олимпиадасынан ел құрамасы табыспен оралды.

Настя

Біздің спортшылар 7 алтын, 14 күміс, 32 қола медаль еншілеп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.

Аталмыш бәсекеде ел намысын қорғаған оралдық палуан Анастасия Панасович сәтті өнер көрсетті. 76 келі бойынша бозкілемге шыққан Настя қола жүлдеге  қол жеткізді.

Түгелбай Кенжеғалиұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале