Батыс Қазақстан облысы Ветелки ауылында ойын қайғылы оқиғаға ұласты. Кәмелетке толмаған жүргізуші қыз баланы ескі капотқа отырғызып, көлігімен сүйреген.
5 қаңтарда сағат 23.41-де 17 жастағы қыз есін жимастан мерт болғаны туралы хабар түскен.
"Полиция қызметкерлері қыз баланы ескі капотқа отырып, көліктің артында келе жатқанын анықтады. Сырғанау кезінде ол газ тірегіне соғылған. Қазіргі уақытта екі көлік анықталып, Орал қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ПД хабарламасында.