«Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын. Мен мұның бәрін азаматтардың ұсыныс-пікірлеріне сүйеніп айтып отырмын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса осы бастамаларда таяу арада жүзеге асыруға болады деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте Мемлекет басшысы Үкіметке әкімшілік-аумақтық құрылымға қатысты мәселелерді мұқият саралап, оны іске асыру жолдарын ұсынуды тапсырды.
«Бұл оңай шаруа емес. Оның бәрін жан-жақты ойластырып, байыппен жасауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.