19.01.2021, 20:26
Оқылды: 310

Қар аршуға құлықсыздар айыппұл төлеуі тиіс

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтың төрағалығымен өткен кеңесте Оралдың қалаішілік жолдарының қар мен мұздан аршу мәселесі талқыланды. Кеңес отырысына Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, «Жайық Таза Қала» ЖШС құрылтайшысы Тұрарбек Тілемісов, аталған серіктестік директоры Ринат Нұрғалиев және қала маңындағы кент әкімдері мен бөлім басшылары қатысты. «Қала көшелерін қар басқанына сегіз күн өтті. Шаһардағы жолдар толық тазаланбай жатыр. Желтоқсан айы ішінде көктайғақ салдарынан 400-ге жуық адам жарақат алып, ауруханаға түскен. ПИК бар, кәсіпкерлік нысандары бар, өзіне тиесілі аумақтағы қарды аршып, мұзын оймаса, айыппұл салуға болатынын неге түсіндірмейсіздер?» – деді Ғали Есқалиев.

F41B9B84-62BD-46F5-AD86-A9404D2385E5

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің баяндауынша, санитарлық талапқа сәйкес мемлекеттік автомобиль жолдарын «Жайық Таза Қала» ЖШС күтіп ұстайды. Кәсіпорын қызмет көрсететін автожолдардың жалпы ұзындығы – 615 километр. Орал қаласы бойынша 162 шақырым жаяу жүргінші жолы бар. Қаладағы барлық тротуардың 70%-ы тазартылды. Зашаған кенті бойынша 172 көше жолын автогрейдер техникасы кеңейтуде. Кент ішінен 19 704 текше метр қар шығарылды. Зашағанда үш бригада және 20 техника екі ауысымда жұмыс істеуде. Кент аумағында 50,4 км құрайтын жаяу жүргіншілер жолының қазіргі таңда 75%-ы тазартылды. Круглоозерный кентінде «Жайық Таза Қаланың» екі бригадасы барлық көше жолын аршыған. Жалпы ұзындығы 4,5 шақырымға жуық жаяу жүргінші жолының 80%-ға жуығы тазартылған. Кент аумағында ұзындығы 15 км құрайтын жаяу жүргіншілер жолының қазіргі таңда 60%-ы тазартылды. Желаев ауылынан 2500 текше метр қар шығарылды.

885CDCF6-FC0C-43FB-8F5D-7F542D2F7C03

Қала бойынша барлық магистральды көшенің жаяу жүргінші жолындағы қарды алты ВТЗ тракторы сыпырады. Бірақ ғимараттар төбесінен түскен қар еріп, мұз болып қатып қалады. Мұздақ үстіне энертті материал және тұзды, құмды қоспа шашылады. Құмды қоспа мұзбен араласқан соң, қайталап сыпыру жұмысы жүргізіледі. Мұз оятын бес мобильді бригада бар. Тағы да қосымша қарды қолмен аршуға арналған үш роторлы құрылғы алынды. Қала әкімінің мәліметіне сүйенсек, «Жайық Таза Қала» ЖШС қызметкерлерінің саны 750 адамды құрайды. Қол күшіне сүйенетін 30 бригаданың әрқайсысына қала бойынша учаскелер бөлінген.

0CE65F54-C146-4E4B-891E-D7E3D9C09FF0

Жыл сайын қала аумағы кеңейіп, жаңа шағын аудандар пайда болуда. Жұмысшылардың орташа жасы 50  шамасында. Жастар қара жұмыс жасағысы келмейді. Жолдарды уақтылы тазартуға щеткалары бар қар тазалағыштар, құм шашқыштар, роторлы қар тазалағыштар, тиегіштер, автогрейдер, бульдозерлер, самосвалдар, сыпыру-жинау автомашиналары жұмыс істейді. Тәулігіне 350 жұмысшы және 260 бірлік техника екі ауысым бойынша дамылсыз қызмет атқарады. Бүгінгі таңда шығарылған қардың жалпы көлемі – 263 363 текше метрге жуық.

IMG-20210119-WA0014

Орал қаласы бойынша 1 238 көпқабатты тұрғын үй бар, оларға 108 ПИК қызмет көрсетеді. Көпқабатты тұрғын үйлердің іргелес аумақтарын ПИК қызметкерлері жүргізеді. Қала көшелеріндегі төбеден түсіп қауіп төндіріп тұрған мұздарды алдырту және көшелердегі жаяу жүргінші жолдарының тазалануын қадағалау үшін қаламыздағы мониторинг топтары ПИК басшыларына, кәсіпкерлерге абаттандыру ережесінің 505-бабына сай тексеру жұмыстарын жүргізіп, ескерту парақтарын таратуда. Мониторинг топ 2019 жылдың желтоқсан айында жұмысын бастады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабында көрсетілген құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдар мамандары жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, белгіленбеген орындарда қоқыстың шығарылуын жою мен қарды жинау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап заңбұзушылықтың 17 дерегін анықтап, ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды. 2020 жылы Орал қаласы ПБ ЖПҚБ қызметкерлері 1 856 заңбұзушылықты анықтады. 1 839 құқық бұзушыға ескерту жасалды, 786 650 теңге көлемінде айыппұл салу туралы 17 қаулы шығарылды, 709 310 теңге өндіріп алынды.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев наурыз айында облыстық мәслихат шешімімен бекітілген абаттандыру қағидалары орындалмай отырғанын айтты. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары меншігіндегі аумақты бес метр шегінде өз қаражаты есебінен күтіп ұстауға, тазалығын қадағалуға міндетті. «Абаттандыру ережелеріне сәйкес қар мен мұзды уақтылы тазаламаған бизнес нысандары, ПИК-тер, жер үй иелері айыппұл төлейтінінен көбі хабарсыз. Қарды тазалап үлгеруге қатысты нақты стандарт бекітілуі керек. Стандарт бойынша уақыт межесі белгіленсін. Қар мен мұздақ кесірінен 400-ге жуық адам жарақат алды. Олардың көбі – қариялар. БҚО елді мекендерін абаттандыру ережелеріне сәйкес, меншік  нысанына қарамастан, жауапты нысандарға іргелес аумақты тазалау қажеттілігі туралы хабарлама жіберу керек. Хабарламадағы талапты орындамаса, айыппұл салуды қолға алыңдар», – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

 Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале