2.02.2017, 10:49
Оқылды: 63

Қар жауып, бұрқасын болмақ

Kazmeteo  «Батыс Қазақстан гидрометеорология орталығының» мәліметі бойынша, 2 ақпан күні тәулік бойы, 3 ақпан күні түнде өңірде қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек.


 Орал қаласында да күн райы осылайша құбылып, батыс, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі ықтимал. Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындар арасында төтенше жағдайды болдырмау үшін алдын алу шараларының қабылданып жатқандығын жеткізді.

  Осы күндері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылмақ. Еске сала кетейік, Ақжайық ауданында 26 қаңтар күні боранда адасып кеткен тұрғынның денесі бүгін табылған болатын.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале