24.01.2022, 9:15
Оқылды: 68

Қар, жел, көктайғақ - дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

InShot_20220124_083813377

ҚР басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен орталығында жауын, қар жауады. Сондай-ақ ол аумақта желдің күшеюі және көктайғақ сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, солтүстігінде және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстігі мен орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, түнде Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Сурет inbusiness.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале