13.01.2022, 10:30
Оқылды: 65

Қарағанды облысы «қызыл» аймаққа кірді

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қарағанды облысы бүгіннен бастап «қызыл» аймаққа ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық санэпидбақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6

Өткен тәулікте Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 669 жаңа жағдайы тіркелді, облыс бойынша репродуктивті көрсеткіш күрт өсіп, 2,856 құрады. Эпидемиологиялық ахуал нашарлауда.

«Бұл ретте, шектеу шараларын қатаңдату «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өткен соң 5 күннен кейін жүргізіледі, осылайша «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өту осы мерзім өткеннен кейін жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале