Қарағандыда тұрғын үйдің екінші қабатынан төрт жасар бала құлап кетті. Түрлі дене жарақаттарын алған бала ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 19 сәуірде ересектердің қарауынсыз қалған 4 жасар бала терезеден құлап кеткенін хабарлады.
"Еске салайық, осындай жазатайым оқиғалардың көбі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырғаннан болады. Ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауларын сұраймыз. Өткен жылы облыста осындай 26 факт тіркелген", - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Жәбірленушінің жағдайы туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі де түсініктеме берді. Бөлімше баланың аяғы сынғанын, оған ота жасалғанын хабарлады. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.