24.04.2020, 18:22
Оқылды: 50

Карантин кезінде жұмыс бәсеңсімеу қажет

 Ағымдағы жылдың 24 сәуірі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен облысымыздың жергілікті атқарушы және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару мен мемлекеттік қызмет көрсету қызметтеріне жауапты мамандар және қала, аудан әкімі аппараттары басшыларының қатысуымен «Мемлекеттік қызметті өткеру, бақылау және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау және бағалау» бағыттары бойынша 2020 жылдың I тоқсанының қорытындысы мен алда қойылған міндеттер тұрғысында видеоконференцбайланыс арқылы семинар-кеңес өткізілді.

A5D6D19B-C0F9-4D38-85FB-03FF634C6050

Семинар барысында жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша Департаменттің басқарма басшылары В.Масимова, Ж.Мұратов, Б.Ибрашев тараптарынан жеке-жеке баяндама жасалды. Семинарды қорытындылай келе департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев кадр мәселесінде, әсіресе мемлекеттік органдардағы таза ауысушылықты төмендету мен сапалы мемлететтік қызмет көрсетуде тиімді шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді. Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету мәселесіне ерекше ұқыптылықпен қарау қажеттілігі атап өтілді.

Шара барысында тараптар қалыптасқан жағдайларға байланысты пікір алмасып, қойылған сұрақтарына нақты жауаптар алды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале