30.07.2020, 9:30
Оқылды: 125

Карантин режимінің ұзартылуына орай өңір әкімдеріне тапсырма берілді

Карантин режимінің ұзартылуына байланысты өңір әкімдеріне тапсырма берілді. Бұл туралы кеше өткен Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

8F64CABE-B065-45D7-A9BF-56C1AF73E42D

Карантин режимінің ұзартылуына байланысты өңірлер әкімдіктеріне бизнес субъектілерімен карантин шаралары аяқталғаннан кейін олардың қызметін қалпына келтіру бойынша алдын ала жұмыс жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ жиында Денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы жылдың 5 тамызына дейін енгізілетін нысандар бойынша санитарлық талаптарды бекіту және жариялау тапсырылды. Еске салсақ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия Президент тапсырмаларын ерекше бақылауға алды. Айта кетсек, Қазақстанда шілде айының ортасында екі аптаға созылатын карантин енгізілген болатын. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізіп, карантин шараларын тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған еді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале