21.04.2020, 13:37
Оқылды: 75

Карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден төленеді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте Орал қаласы әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов айтты.

79B5C7BF-598D-4583-8357-FE635EB1A17E

Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасын орындау аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызмет жеткізушілерімен келісімшарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызметті төлеуді қарастыратын тетік әзірледі.   

Осылайша, карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберіп отырады.   

Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:

1) І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері;

2) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

3) көпбалалы отбасылар;

4) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;

5) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;

6) төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Әкімдік ұсынылған деректерді тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады.   

Әкімдік тұтынушылардан өтінімдерді қабылдау және олардың растығын тексеруді дұрыстап ұйымдастыруы тиіс.

Карантин енгізілген аймақтарда әкімдік екі ай бойы тұтынушылардың дербес есепшотына 15 мың теңге көлемінде ақша төлеуді қарастырады.

15 мың коммуналдық қызметтерді ұсынушы мекемелерге төмендегідей пропорцияда аударылады:

1. Электрмен қамтамасыз ету – 2 мың теңге («БЭР» ЖШС);

2. Жылумен қамтамасыз ету – 7 мың теңге («ЖТЭ» АҚ);

3. Сумен қамтамасыз ету – 3 мың теңге («БСА» ЖШС);

4. Газбен қамтамасыз ету – 2 мың теңге (ЗК ПФ «КГТА» АҚ);

5. ТБО – 1 мың теңге («ОТС» ЖШС)

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале