15.02.2022, 13:00
Оқылды: 44

«Қарапайым заттар экономикасы»: 1 теңге субсидия 40 теңгенің өнімін шығаруда

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына өзгерістер енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220215094158916e

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының тиімділігін талдау бойынша алдын ала бағалау жүргізілді. Ол 2020 жылы бағдарлама қатысушыларын қолдауға бағытталған 1 теңге субсидия 40 теңге өнім шығаруға және 3 теңге салық төлеуге ықпал еткенін көрсетті. Бағдарламаны іске асырудың екі жылында 1,4 трлн теңге сомасына өнім шығарылды және 136 млрд теңге сомасына салық төленді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, 2019 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде 54 мың жұмыс орны құрылды және сақталды.

«2021 жылға толық талдау төленген салықтар мен өнім шығару және бағдарлама қатысушыларының айналымы бойынша деректер алынғаннан кейін 2022 жылдың шілдесіне қарай жүргізіледі. Бағдарламаға өзгерістер енгізу бойынша нақты шешімдер осы жұмыстың нәтижелері бойынша ұсынылатын болады», - деді Әлібек Қуантыров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале