20.11.2023, 10:00
Оқылды: 43

Қараша айының басынан бері 160 есірткі қылмыскері ұсталды, екі есірткі зертханасы таратылды

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері өңірлік бөліністермен бірлесіп, осы айдың басынан бастап есірткінің ірі партияларын тәркілеп, бірқатар қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

3B764510-6CF3-4F91-A69D-B074EF7CCB43

Синтетикалық есірткі өндіретін екі есірткі зертханасы жойылды. Келіп түскен ақпарат бойынша жедел қызметкерлер Алматы қаласында Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады, олардың автокөлігінің салонында 152 келі гашиш табылып, тәркіленді. Алматы полицейлері қаланың 24 жастағы тұрғынын ұстады, оның көлігінде жасырып сатуға дайындалған 1,2 келі психотроптық зат мефедрон табылды. Семейлік полицейлер интернет-дүкеннің есірткі жасырушысы болып жұмыс істейтін Павлодар облысының екі тұрғынын құрықтады. Олардан бір кг “а-PVP” психотроптық заты тәркіленді. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

Тінту барысында оның жалдамалы пәтерінен есірткі жасау үшін пайдаланылатын жабдықтар, екі шыны колба, канистр және 1,5 келі мефедрон табылып, тәркіленді. 16 қарашада Алматы облысы Ұзынағаш кентінде полиция қызметкерлері есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады. Үйдің аумағында орналасқан контейнерді тінту барысында үш тоннадан астам прекурсор, электрондық таразылар, реактор, шыны колбалар және 30 кг дайын мефедрон психотроптық заты тәркіленді.

– Қараша айынан бастап ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 208 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале