Өнер өлкесі Қаратөбе ауданының перзенті, жас өнерпаз Айзат Айдосұлының есімін біраз ел біледі десек, артық айтқандық емес.
Әсіресе, жастар арасында хит әндерімен танымалдыққа ие Айзат аудан орталығындағы Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектебінде оқиды.
Айзат бүгін Алматы қаласындағы «КТК» телеарнасынан берілетін «Астарлы ақиқат» бағдарламасының «Таныссыз танылғандар-7» айдарының құрметті қонағы болды.
Айзат эфирге жиналған көрерменнің қолдауымен «Қаратөбенің сұлу қызы» әнін орындап берді.
Болашағынан үлкен үміт күттіретін Айзат бүгінде өңірге танымал жас ақын Орынбек Меңдіқұлдың туындыларын орындап жүр.
Оның «Қаратөбе баласы» мен «Қаратөбенің сұлу қызы» әндерін көрермендер жылы қабылдайды.
Айзаттың әкесі Айдос та, ағасы Мерей де әншілік өнерді серік еткен жандар.
Айта кету керек, «Таныссыз танылғандар-7» шығарылымы алдағы уақытта «КТК» телеарнасынан көрсетілетін болады.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz