10.02.2025, 16:00
Оқылды: 177

Кәрім Мәсімов ісі: Астанада 1,8 миллиард теңгеге бағаланған үй сатылымға шығарылды

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі үйге ұқсайтын үй сатылымға шығарылды. Бұған дейін комитет сәнді сарайдың суреттерін жариялаған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

зщз

Лот E-Qazyna электрон сауда алаңы сайтында жарияланған. Төменгі қабаты бар тұрғын үй елорданың Нұра ауданында орналасқан. Екі қабатты үйдің жалпы ауданы 2877,7 шаршы метр болады. Оның бастапқы бағасы 1 883 338 958 теңге деп белгіленген. Сонымен қатар, әлеуетті сатып алушы 117 960 теңге кепілдік жарнасын енгізуі қажет.

109cef1d7b29ba967f08d4abc5ae5e32

Сурет: tengrinews.kz

Үйге әртүрлі көлемдегі бірнеше жер учаскесі тиесілі, олардың бірінде гараж орналасқан. Үй 879 дана мүлікпен бірге сатылады. Оның ішінде жиһаз, тұрмыстық заттар, әшекей бұйымдар, коллекциялық монеталар, қару-жарақ макеттері.

Мүлікті Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатылымға шығарған. Сауда бағаны көтеру арқылы аукцион форматында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале