Кеше Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Хали Хайрат қаза тапты. 1991 жылы туған сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.
Сурет: ҚР ТЖМ
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді», - деп хабарлады министрліктен.