30.12.2025, 20:00
Оқылды: 290

Қарлы боран: БҚО жүргізушілеріне ескерту жасалды

Бұл туралы БҚО ПД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

IMG_5921

«Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

31 желтоқсан күні облыс аумағында қалың қар мен бұрқасын күтіледі. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолға шыққан кезде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Басып озу маневрін тек жол қауіпсіздігіне толық көз жеткізгеннен кейін ғана бастаңыздар. Автокөліктің техникалық жағдайына ерекше назар аудару қажет. Қауіпсіз арақашықтықты сақтап, белгіленген жылдамдық режимінен аспаңыздар және кенеттен тоқтауға жол бермеңіздер.

Жолдар жабылған жағдайда түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз.

Көлік жүргізушілері әрдайым мұқият болып, өздерінің қасындағы жолаушылардың, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына жауапты екендерін ұмытпаулары тиіс», - делінген хабарламада.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале