Командирлер әскерге шақырылушыларды алғашқы күннен бастап зерделеуге кіріседі. ҚР Қарулы Күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев атап өткендей, бірінші кезекте жеке әңгімелесулер өткізіліп, олардың қажеттіліктері мен сұраныстары зерделенеді. Психологтар жұмыс істейді, - деп жазды kazgazeta.kz
Сурет: kazgazeta.kz
«Әрқайсысына тәлімгер бекітіліп, «Жауынгерлік дос» жүйесі бойынша әріптестер белгіленеді. Бөлімшелердегі әскери қызметтің және әскери бөлім орындайтын міндеттердің ерекшелігі, үлес нормалары мен қамтамасыз ету тәртібі жеткізіліп, қауіпсіздік шараларының ережелері түсіндіріледі. «Жас жауынгер курсы» бағдарламасына сәйкес сарбаздарды әскери ғылымға бастапқы даярлау сабақтары өткізіліп, моральдық-психологиялық жай-күйі және қызмет өткеруге дайындығы зерделенеді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты офицерлер күн тәртібін бақылау үшін тәулік бойы кезекшілікте болады. Күніне екі рет әскери полиция өкілдерінің қатысуымен дене тексерулері жүргізіледі. Сарбаз аналары комитетімен және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтермен өзара іс-қимыл ұйымдастырылған. Сарбаздардың туыстарымен және жақындарымен байланыс орнатылып, «Отбасымен бейнеқоңырау» жобасы іске қосылды.