2.03.2023, 11:17
Оқылды: 61

Қарыз алушылардың назарына: микроқаржы ұйымдарымен даулы істі сотқа дейін жеткізбей қалайша шешуге болады?

Азаматтар микрокредиттерге байланысты барлық проблемалық мәселелер жөнінде тегін консультациялар ала алады.  Аталған қызметті Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі орталық және Қазақстан микроқаржы ұйымдары қауымдастығының (ҚМҚҰҚ) жанында қызмет ететін микроқаржы омбудсманы көрсетеді.

4E47A36D-7970-43A0-B1D7-2F99FE4AB8F4

Fingramota.kz қарыз алушы-жеке тұлғаларға МҚҰ-мен даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіпте қалайша реттеуге болатыны жөнінде толығырақ айтып береді.

Микроқаржы ұйымдарымен өзара іс-әрекеттесу кезінде  құқықтары аяқ асты болған қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстанда ҚМҚҰҚ жанында арнайы орган – Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі орталық (Орталық) және қарыз алушылар мен МҚҰ арасындағы дауларды және келіспеушіліктерді  шешу үшін микроқаржыомбудсманы құрылды.

Қазіргі уақытта микроқаржы омбудсманыБашанов Серікбай  болып табылады, ол қаржылық бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда және банктерде басшы лауазымдарында көп жылдар бойы  қызмет атқарған.

Микроқаржы омбудсманы қызметінің қағидаттары:

1) Тәуелсіздік. ҚМҚҰҚ және оның лауазымды тұлғалары омбудсманның дауларды қараумен байланысты қызметінің мәселелеріне араласуға құқығы жоқ.

2) Тараптардың тең құқылығы. Келіспеушіліктерді реттеу кезінде микроқаржыомбудсманы қандай да бір тарапқа басқа тарапқа бермеген қосымша құқықтар беруге құқығы жоқ.  

3) Бейтараптылық. Келіспеушіліктерді реттеу кезінде микроқаржы омбудсманы объективтілікті сақтауға, қандай да бір тарапқа артықшылық бермеуге, келіспеушіліктерді жан-жақты қарауға міндетті.

4) Микрокредит беру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау. Микроқаржыомбудсманы дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты конфиденциалдылықты сақтауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе ҚМҚҰҚ жанындағы Микроқаржыомбудсманы туралы ережеде белгіленген талаптарды сақтамай, оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.

5) Тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу. Микроқаржы омбудсманы тараптардың құқықтарын бұзбауға, тараптарға өздерінің заңмен қорғалатын мүдделерін білдіру үшін жағдайлар жасауға міндетті.

6) Қабылдау рәсімінің ашықтығы және шешімнің негізділігі.

Микроқаржы омбудсманының шешім қабылдауы Регламентте және ҚМҚҰҚ жанындағы Микроқаржы омбудсманы туралы ережеде белгіленген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады, ал шешім қабылдаған кезде ол қолданыстағы заңнаманы және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.

МҚҰ қарыз алушылары қандай сұрақтармен өтініш бере алады?

Қаржылық қиындықтарға тап болған қарыз алушылар Орталыққа мынадай мәселелер бойынша өтініш жасай алады:

- МҚҰ алдындағы берешекті қайта құрылымдау кезінде тегін және жедел жәрдем алу (төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін, өтеудің жаңа кестесін алу және т.б.);

- егер МҚҰ клиентпен кездесуге барудан бас тартса немесе оның өтінішіне мүлдем жауап бермесе, шағымдар мен өтініштер беру;

- МҚҰ қызметкерлері тарапынан заңнаманы бұзу немесе қорлау т.б. сияқты әдепсіз әрекеттер бойынша шағымдар мен өтініштер беру.

Өз кезегінде омбудсман егер МҚҰ қарыз алушының проблемасын шешуден бас тартса, микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы арасындағы микрокредит беру туралы шарттан туындайтын дауларды реттеуге көмектеседі.

Омбудсманға жүгінер алдында не істеген дұрыс?

Микроқаржы омбудсманына жүгінбес бұрын, алдымен кредитормен даулы мәселені өз бетінше реттеу жөнінде шаралар қабылдау қажет. Ол үшін жазбаша немесе электронды түрде жазылған өтінішпен микроқаржы ұйымына хабарласуды ұмытпаңыз. МҚҰ күнтізбелік 15 күн ішінде өтінішіңізді қарап, оған жауап беруге міндетті.

Егер ортақ мәмілеге келу мүмкін емес болса, онда сіз Орталықтың көмегіне жүгіне аласыз. Алайда, егер Орталыққа жүгінгеннен кейін МҚҰ қабылдаған шешім сізді қанағаттандырмаса, онда омбудсманға жүгінуге құқығыңыз бар.

Орталыққа қалай жүгінуге болады?

Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, оның ішінде микрокредит бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынудың барлық мәселелері бойынша Сіз Орталыққа мынадай: +7 771 933 34 44 нөмірі арқылы хабарласа аласыз.

Омбудсманға өтінішті қалай беруге болады?

1-қадам. Мынадай құжаттар тізбесін жинаңыз:

Жеке куәлік;
Микрокредит беру туралы шарт;
Өтеу кестесі;
Микрокредит беру туралы шартқа қосымшакелісім (бар болса);
Микроқаржы ұйымына өтініштер/жолданымдар;
Жылжымайтын мүлік кепілі туралы шарт (бар болса);
Жылжымайтын мүлік кепілі туралы шартқақосымша келісім (бар болса);

Омбудсманға жүгінгенге дейін МҚҰ-мен даулымәселелерді реттеу әрекеттерін растайтын құжаттар(өтініштер/жолданымдар/МҚҰ жауаптары (бар болса).

Ағымдағы күнге несие берешегініңқалдығы туралы анықтама, оған: негізгі борыштың, оның ішінде мерзімі өткен борыштың қалдығы; есептелген сыйақы, оның ішінде мерзімі өткенсыйақы; есептелген және төленген айыппұлдар; төленген негізгі борыш/сыйақы сомалары кіреді.

2-қадам. Өтінішті толтырыңыз, оның нысаныномбудсманның https://mfohelp.kz/ сайтынанжүктеуге болады және өтінішті жоғарыда аталғанбарлық құжаттарды қоса бере отырып, [email protected] электрондық поштамекенжайына жіберіңіз.

3-қадам. Екі нысанды толтыра отырып, дербесдеректерді жариялауға келісім беру қажет:

Микрокредит беру құпиясын жариялауғакелісім;
Дербес деректерді жинауға және өңдеугекелісім. Келісім нысандары микроқаржыомбудсманының сайтында көрсетілген.

Бұл ретте, 2013 жылғы қарашадан бастапҚазақстанда «Дербес деректер және оларды қорғаутуралы» ҚР Заңы, сондай-ақ қабылданған Заңныңорындалуын қамтамасыз ететін кейбір заңнамалықактілерге өзгерістер мен толықтыруларқолданылатынын атап өтеміз. Осылайша, мемлекеттік органдар, жеке немесе заңды тұлғалар дербес деректер тиесілі жеке тұлғаның немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана дербес деректерді жинауды, өңдеуді жүзеге асыруға міндетті.

Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауатты болыңыз және кредит бұл үлкен жауапкершілік екендігі есіңізде болсын! Мерзімі өткен жағдайда проблемалық берешекті реттеудің қолданыстағы тәртібі шеңберінде қайта құрылымдау үшін кредиттік ұйымға хабарласыңыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале