8.11.2023, 15:15
Оқылды: 47

Қаржы мониторингі агенттігі Telegram-да жаңа ботты іске қосты

Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram мессенджерінде «AФM Insider» ресми ботын іске қосты, деп хабарлайды Kazinform. 

телефон

Агенттіктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл – экономикалық құқық бұзушылықты анықтау мақсатында қолға алынған қадам.

«Қазақстандықтар бұл құрал арқылы экономикалық құқық бұзушылықтар туралы батырманы бір рет басу арқылы хабарлай алады. Хабарлама қысқа мерзімде қаралады. Ақпараттың құпиялығына кепілдік беріледі. Ботқа жолданған хабарлама тек ақпараттық сипатқа ие және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз бола алмайды», -деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале