20.09.2023, 10:30
Оқылды: 23

Қасақана адам өлтірген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

Шымкентте адам өлтірген топтың бір мүшесі іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

A8231284-A2D8-4137-8B7B-98D8E2F2EA20

1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны Тәжібаев Ерлан Абдуллаұлына халықаралық іздеу жарияланды.

Ол 2012 жылы қымбат маркалы автокөлікті иемдену үшін таныстарымен алдын ала сөз байласып, Шымкент қаласы Темірлан тас жолының бойында бейтаныс ер адамды қасақана кеуде тұсынан атып өлтірген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты «Адамдар тобының алдын ала сөзбайласуымен жасалған адам өлтіру» бойынша тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, сыбайластардың үшеуі Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында ұсталып, қамауға алынды. Алайда, Тәжибаев Ерланға қатысты жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермей отыр.

«Қазіргі таңда халықаралық іздеу жарияланды. Сондықтан, суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса бірден полицияның «102» арнасына немесе 8-7252-97-66-44, 8701-555-28-06, 8775-777-23-05 байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз», делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале