3.09.2026, 12:15
Оқылды: 7

Кәсіпкерлер тынымбақ тарту етті

Оралда кәсіпкерлердің қолдауымен үш жаңа шағын тынымбақ пайда болды.

DSC01319

Бүгіндері С. Тюленин - 52, Құрманғазы - 177 және  С. Датұлы - 19 мекенжайларында әп-әсем үш жаңа тынымбақ қолданысқа берілді. Бұл демалыс орындарын «СВС Батыс»,  «A-GROUP BUILDING» мен «Қалдығайты» ЖШС-лар тарту етті.

DSC01335

– Бұл – жай ғана абаттандыру емес. Бұл – кәсіпкерлердің қалаға жасаған сыйы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің көрінісі. Бұған дейін қараусыз, пайдаланылмай жатқан аумақтар «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында тұрғындар алаңсыз демалатын қауіпсіз әрі тартымды орындарға айналуда. Мұндай бастамалар қаланың көркіне көрік қосары шүбәсіз. Әрі мемлекет пен бизнестің бірлескен жауапкершілігі арқылы бюджет қаражатын жұмсамай-ақ тұрғындарға қажетті нысандарды көбейтуге мүмкіндік береді, – деп жазды шаһар әкімі Мұрат Байменов өзінің әлеуметтік  желідегі  парақшасында.

наурызбаев

Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің урбанистика және сәулет орталығы басшысының орынбасары Нұртас Наурызбаевтың (суретте) айтуынша, әзірге 12 кәсіпкер қаланың келбетін көркейтуге ықылас білдірген. «Оралда жайлы әрі заманауи демалыс орнын қалыптастыру кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жаңа үш сквер – осы жұмыстың алғашқы нәтижелерінің бірі. Негізгі мақсат – қаладағы бос немесе тиімді пайдаланылмай тұрған аумақтарды тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңістікке айналдыру. Бұл ретте кәсіпкерлердің игі іске үлес қо-суға деген бастамасы маңызды рөл атқарды. Ең алдымен, аумақтың орналасуы, тұрғындар үшін қолжетімділігі, жаяу жүргіншілер қозғалысы ескерілді»,  –  деді  Н. Наурызбаев.

Айна Имашева,

Орал қаласы

DSC01449.JPG DSC01450.JPG DSC01451.JPG

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале