31.03.2022, 11:40
Оқылды: 91

Кәсіпкерлікті жоюдың жеңілдетілген тәртібі енгізілді

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

c308767a631441b583157df89290f2cd

-Салық кодексінің 59 және 66 баптарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап талап қою мерзімі кезеңі ішінде қосымша құн салығы төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұрғаннан кейін салық есептілікке сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізбеген заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге (ҚҚС төлеушілер) қатысты жоюдың жеңілдетілген тәртібі қолданатындығын хабарлайды, - дейді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Аталған өзгертулер бизнеске қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қабылданды.

Ведомство өкілінің айтуынша, 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін кәсіпкерлікті жоюдың жеңілдетілген тәртібі тек ҚҚС төлеушілер болып саналмайтын тұлғаларға ғана жүреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале