5.04.2025, 21:27
Оқылды: 43

Кәсіпқой бокс алаңында Махмуд Сабырхан шеберлігін көрсетті

Бірден екі тұжырымдағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынған Астанадағы тарихи бокс кешінің тағы бір дебютанты Махмуд Сабырхан екінші жеңіл салмақта жұдырықтасты.

2d534f58-0764-4763-babe-838cb6202b32

Алғашында Махмуд Николас Тордацилла атты боксшымен күш сынасуы керек болған. Бірақ соңғы сәтте қарсыласы ауысып, вьетнамдық Дак Хайнх атты былғары қолғап шебері келді. Дак осыған дейін кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп үлгерген. Оның біреуінде жеңілсе, екі кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

e5d92688-2aa1-41cf-8412-cf104fc639ac

Соған қарамастан Сабырхан шеберлігін көрсетті. Алғашқы раундта-ақ вьетнамдықты бүйірден соғып, бір есеңгіретіп алды. Одан соң бір сұлатты. Қарсыласы ол кезде айқасты жалғастыруға бекінгенімен біздің боксшы оның талпынысына нүкте қойып, жекпе-жекті екінші раундта аяқтады.

a726a199-3322-4eb1-913b-62f0fa0ab15c
- Қарсыласым ауысып кетті. Сол үшін кешірім сұраймын. Алда әлі талай жеңіске жетуге дайынбыз, - деді Махмуд жекпе-жектен соң.

Түгелбай Бисен
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале