17.04.2025, 16:15
Оқылды: 274

Батыс Қазақстанда “Жастар қалқаны – 2025” пікірсайыс турнирі өтті

Орал қаласындағы “Оқушылар үйінде” облыстық “Жастар қалқаны – 2025” пікірсайыс турнирі өтті. Аталған іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған.

WhatsApp Image 2025-04-17 at 17.04.04

Турнирге өңірдегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, “Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?” деген қарар аясында пікір алмасты.

WhatsApp Image 2025-04-17 at 17.04.05

Пікірсайыс нәтижесі бойынша:
• Бас жүлдені “Ақиқат” фракциясы жеңіп алды;
• “Үздік мақала” номинациясы бойынша – Дүйсенғалиев Айдос;
• “Үздік видеоролик” номинациясы бойынша – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті марапатталды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

WhatsApp Image 2025-04-17 at 17.04.05 (1)

Аталған турнир – жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға және діни радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.

 

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале