2.06.2021, 14:29
Оқылды: 19

Кәсіподақ ұйымы балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

IMG-20210602-WA0030

Құттықтау барысында балалар ауруханасында емделіп жатқан балақайлар, денсаулық сақтау саласында қызмет ететін мамандардың, кіші қызметкерлердің балалары, көпбалалы, әлеуметтік осал топ өкілдерінің бүлдіршіндері қамтылды.
Кәсіподақ мүшелері тарапынан ұйымдастырылған аталмыш шараға балалар белсенді қатысып, сыйлықтарға, тәтті кәрзеңкелерге ие болды.

Сондай-ақ сала мамандары кезекті оқу жылын тәмамдап, жазғы демалысқа аяқ басқан балаларға қауіпсіздік шараларын ескертіп, ауырмаудың, жақсы иммунитет қалыптастырудың жолдарын айтты.

11

Сонымен қатар, бүлдіршіндерге, олардың ата-аналарымен бала денсаулығын нығайтып, күту үшін қажетті бірінші кезектегі дәрумендерімен де бөлісті.
- Кәсіподақ – қызметкердің жұмыс барысындағы жай-күйіне ғана емес, отбасындағы әлеуметтік, экономикалық, психологиялық жағдайларымен де танысады, назарда ұстайды. Себебі маманның энергиясы отбасыдан басталады. Ал балалардың денсаулығын сақтау, оларға жарқын болашақ сыйлау – біздің қоғамымыздың ортақ борышы, - дейді бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале