4.10.2021, 17:57
Оқылды: 213

Кәсіподақтар күні атап өтілді

 Бүгін Достық үйінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күніне орай салтанатты шара өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, кәсіподақ саласының ардагерлері, әр саладағы кәсіподақ төрағалары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары өкілдері қатысты.

4519FDA6-649B-49E4-B9C8-9715ADED8269

Бүгінде  БҚО кәсіподақтар орталығы 10 салалық және 14 жергілікті, 1000-ға жуық бастауыш кәсіподақ ұйымдарын және 73000-нан астам кәсіподақ мүшелерін біріктіріп отыр.

Мерекелік шара барысында кәсіподақ мүшелерін құттықтау үшін сөз алған Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы төрайымы Айгүл Оразқызы Есекенова өз сөзінде:

«2019 жылы алғашқы рет Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен, Үкіметтің шешімімен 10 қазан Қазақстан Республикасындағы мереке күндері тізіміне енгізілген болатын. Бұл кәсіподақтардың және олардың бірлестіктерінің рөлі мен маңыздылығын айқындайды. Еліміздегі кәсіподақтар қозғалысын дамытуға жаңа серпін берді. Бұл күн кәсіподақтар қозғалысы үшін өте маңызды күн.

Қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған әлеуметтік бастамалар мен өзекті міндеттерді жүзеге асыру - әрқайсымыз үшін маңызды. Кәсіподақтар әрқашан азаматтық қоғамның негізгі тіректерінің бірі болып қала береді», - деді.

04E35A9B-C7D6-4DE2-840E-7C959452583F

Мерекеге орай бірқатар кәсіподақ мүшелері мерекелік медальдермен, Құрмет грамоталарымен, алғысхаттармен марапатталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале