24.01.2024, 10:30
Оқылды: 36

Кәсіптік оқыту курстарын «Enbek» мобильді қосымшасында оқуға бола ма?

«Enbek» мобильді қосымшасында жаңа дағдылар мен құзыреттерді игеру мүмкіндігі пайда болды. Енді Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында орналасқан курстарды смартфон арқылы оқуға болады.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

телефон

Қосымшада пайдаланушыларға оқу үшін курстарды іздеу, берілген мамандықтар немесе дағдылар бойынша таңдау мүмкіндігі, сондай-ақ кілт сөздер бойынша кеңейтілген іздеу (мамандық немесе курстың атауы) қол жетімді.

Курсты таңдағанда, пайдаланушы оның сипаттамасы, ұзақтығы, сабақтар және тапсырмалардың саны, авторы және шолуларымен таныса алады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Диалогтар» бөлімінде авторлармен кері байланыс бар.

Оқу барысы мен оқу тарихы жеке кабинетте, «Менің оқуым» бөлімінде қолжетімді. Курсты сәтті аяқтап, қорытынды тестілеуден өткеннен кейін жүктеуге болатын электрондық сертификат беріледі. Аяқталған курс бойынша алынған дағдылар мен сертификаттар Enbek.kz-тегі пайдаланушының түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі.

«Enbek» мобильді қосымшасында бүгінгі күнде келесі мүмкіндіктер бар: жұмыс іздеу, жұмыссыздарды тіркеу, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер алу, Business.Enbek.kz кәсіпкерлікті қолдау қызметтеріне қол жеткізу және Skills Enbek курстарында оқу.

«Enbek» қолданбасы барлығына тегін және PlayMarket және AppStore-да қолжетімді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале