20.06.2023, 17:45
Оқылды: 46

«Қасқырға қой бақтырғанмен тең». 6 өңірде балаларды қылмыскерлер оқытқан

Елімізде жыныстық жауапқа тартылғандар балаларды оқытып келген. Бұл туралы Мәжілісте «Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Art sport бағдарламасын жетілдіру» тақырыбында өткен отырыста депутат Нартай Аралбайұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

CF145379-89F2-4A2C-B03F-6AA4C44E03A4

– Art sport жобасының кемшіліктері айтылды. Қазақта «Елдің Ыбырайы Ыбырай, біздің Ыбырай сұмырай» деген сөз бар. «Біздің мемлекеттік органдар бір нәрсе жасаса, неге соның кемшілігін, салдарын көріп қана күресуге тура келеді?! Неге әу бастан дұрыстап жұмыс істемейді?» деген өзекті сауал туындайды, - деді депутат.

Ол бұған дейін келтірілген кемшіліктерді атап өтті.

– Қасқырға қой бақтырғанмен бірдей ғой. Art sport балаларға, жасөспірімдерге жәрдемдесуге, оларды үйірмемен қамтуға жұмыс істеуі керек дейміз. Бірақ 6 өңірде бұрын жыныстық қылмыстар, жезөкшелік және притондарды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған адамдардың балаларды оқытуының 20 фактісі тіркелген. Бұл қалай? Бұрынғы жезөкшеге, бұрынғы притон ұйымдастырған адамға біз қалай балаларымызды сеніп тапсырып отырмыз? Құзырлы органдар қайда қараған? Сол балалармен қазір психологтар жұмыс істеді ме? Баламызға оған үйірмеден сабақ берген адам бұрын жезөкше, қылмыскер болған екенін қалай түсіндіреміз? - деп сұрады Нартай Аралбайұлы.

Ол Прокуратура өкілінен 6 өңір бойынша ақпарат беруді сұрады.

– Ұстаздар мен жаттықтырушылардың жұмыс өтілін көретін, олардың бұрын қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын көретін арнайы база бар ма? - деп сұрады депутат.

Бас прокуратураның өкілі Дулат Әшірбеков депутаттың сұрағына жауап берді.

– Тексеріс нәтижесі бойынша республикада 38 қадағалау актісі енгізіліп, 43 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, - деді ол Мәжілісте.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале