Мемлекет басшысымен жүздескен жастар өздерінің жетістіктері туралы айтты. Президент еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың қолында екеніне тоқталып, мемлекет еңбекқор жастарға, олардың идеялары мен ұсыныстарына әрқашан қолдау көрсететінін айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарға жол ашу керек екенін жеткізді.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақсай қаласындағы Жастар ресурстық орталығы жергілікті тұрғындарға бірнеше бағыт бойынша қызмет көрсетеді: Орталықта «Болашақ» коворкинг алаңы, «Аяла» қайырымдылық дүкені жұмыс істейді. Мұнда NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастырумен айналысатын Жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Орталық мамандары жасөспірімдерге, өмірде түрлі қиындыққа тап болған жандарға психологиялық көмек көрсетеді.