1.03.2022, 11:40
Оқылды: 75

Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211028134802219a3854807i

«Құрметті, партияластар! Ең алдымен баршаңызды бүгінгі Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Бұл - өзара тілектестікті, жанашырлықты қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Біз осындай ынтымақтың арқасында қаңтардағы қиын-қыстау күндерде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық. Сын сағатта бірлігін сақтай білген барша отандастарымызға зор ризашылығымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде.

ҚР Президенті ұйымды жаңғырту туралы алқалы жиынның дәл бүгін өтуінің символдық мәні бар екендігін атап өтті.

«1 наурыз партияның құрылған күні. 23 жыл бұрын еліміздегі ең басты саяси ұйымның негізі қаланды. Партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырды. Қоғамға пайдалы көптеген бастама көтеріп, сайлаушылардың қолдауына ие болды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале