Қасым-Жомарт Тоқаев «#COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатысты.
Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. «БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің шақыруымен Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобының атынан «#COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатыстым. Жиында Қазақстанның пандемияға қарсы жаһандық күреске қосқан үлесі туралы айттым»,- деп жазды ҚР Президенті.
zhaikpress.kz