11.01.2022, 12:03
Оқылды: 10

Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім тапшы өңірлердің мәселесін шешудің жаңа тәсілін ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім тапшы өңірлердің мәселесін шешудің жаңа тәсілін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211025113806207e

«Сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басым бағыт болып табылады. Бұл – бүкіл қоғам дамуының аса маңызды факторы. Біз мектептерді қалай материалдық жағынан қамтамасыз етсек те, білім сапасын жақсы мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында.

Сондай-ақ ол мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтарды тартудың жаңа тәсілін ұсынды. «Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім – мектептің жүрегі. Сондықтан мен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны Мәжіліс қабылдады. Президент жуықта Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарын жариялайтынын айтқан. Сондай-ақ, ол 7 қаңтарда халыққа жасаған үндеуінде Үкіметке бүгінгі Мәжіліс отырысында натқы тапсырмалар беретінін айтқан еді.

«Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», -деген Мемлекет басшысы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале