31.01.2022, 12:01
Оқылды: 19

Катар 5-11 жас аралығындағы балаларға екпе салуды мақұлдады

 Катар Денсаулық сақтау министрлігі 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға арналған Pfizer/BioNTech COVID вакцинасын мақұлдады. Бұл туралы жексенбіде департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220131013720568e

Денсаулық сақтау министрлігі 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакциналарын салуға рұқсат берді. Аталмыш ведомоство ата-аналарды балалардың иммунитетін арттыру үшін вакцинациялауға шақырды. 30 қаңтардан бастап егуді БМСК корпорациясының барлық медициналық орталықтарында жасауға болады. Бұл ретте 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға ата-аналарының өтініші бойынша екпе салу жоспарлануда. Иммундау екі дозада жүргізіледі – алғашқысынан соң екіншісі үш аптадан кейін.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале