22.05.2020, 9:01
Оқылды: 39

Катар Қазақстанға 9 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Нұр-Сұлтанға «Qatar Airways» әуе компаниясының арнайы рейсімен 9 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

2ABD5EF5-AA36-4B71-A357-CFB986290E39

«Катар Әмірі ұлы мәртебелі шейх Тамим бен Хамад Әл-Тәнидің тапсырмасын орындау мақсатында кеше катарлық әуе желісімен гуманитарлық-медициналық көмек тиелген чартерлік рейс келді.

- Бұл көмектің Қазақстан Үкіметіне коронавирустық инфекцияны жеңуге көмектеседі деп үміттенемін. Жалпы салмағы 9 тонна болатын көмекте маска, халат, қорғаныс құралдары бар», - деді Қазақстан Республикасындағы Катар елшісі Абдулазиз бен Султан Аль-Румейхи Нұр-Сұлтан әуежайында. Елші Катардың бірқатар елдерге гуманитарлық көмек көрсетіп жатқанын жеткізді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаштың айтуынша гуманитарлық жүкте дәрілік заттар мен препараттар жоқ. Катардың көмек жіберетіні туралы ақпарат үш күн бұрын белгілі болған. «Уағдаластық бойынша гуманитарлық көмекті күтіп аламыз. Бұл үшін Катарға алғыс айтамыз. Катар - елімізге көмек көрсеткен Араб елдері арасындағы екінші мемлекет. Бір ай бұрын Біріккен Араб Әмірліктері гуманитарлық көмек жіберген еді. Көмек қазақстандық тараптың өтінішімен беріледі», - деді Е.Мұқаш.

Гуманитарлық көмекті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС өкілдері қарсы алды және еліміздің медициналық ұйымдарына таратылады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале