5.02.2025, 19:00
Оқылды: 274

Қате немесе артық төленген аударымдар мен жарналарды қалай қайтаруға болады?

Егер адам басқа ЖСН-ға жарна төлесе, дұрыс емес күнді көрсетсе немесе деректерді қате толтырса, ақшаны қайтаруға немесе басқа кезеңдерге қайта бөлуге бола ма? Бұл туралы ӘМСҚ БҚО филиалының инстаграм парақшасында түсіндіріп берді.

photo-output
Еске саламыз, МӘМС төлемдерін басқа кезеңдерге қайта бөлуге болмайды, бірақ оларды қайтаруға болады.
Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға өтініш жазып, төлемді растайтын құжаттарды қоса беру қажет.
Өтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды.
Ақша төлем жасалған тәсілмен қайтарылады.
Мемлекеттік корпорация мынандай себептер бойынша ақшаны қайтарудан бас тартуы мүмкін:
1️⃣Өтініште банктің деректемелері дұрыс көрсетілмеген жағдайда;
2️⃣Өтініш ҚР ДСМ 2017 жылғы 30 маусымдағы №478 бұйрығына 1-қосымша нысаны бойынша жазылмаған жағдайда;
3️⃣Өтініш қайтарудың дұрыс емес себебін көрсеткен жағдайда;
4️⃣Өтінішке құжаттардың толық емес пакеті қоса берілген жағдайда;
5️⃣Егер ақшаны қайтаруға негіз болмаса;
6️⃣Егер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен растау болмаса (қайтару тоқтатылған немесе жойылған ЖК-ге ресімделеді, ал АЖ-дан ЖК-нің қолданыста екендігі туралы деректер келеді);
7️⃣Қайтаруды ҚР аумағында уақытша болатын шетелдік азамат (немесе шетелдіктің отбасы мүшесі) рәсімдейді.
@msqory_bqo #мәмсбқо #фсмсзко

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале