12.07.2022, 12:00
Оқылды: 152

Қауіпсіздіктің қырағы қызметкері

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Қауіпсіздік және тәртіп сақтау» бөлімінің ұжымы әріптестері Ерболат Хайруллинді зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтады.

IMG_7983
Бейнетінің зейнетін көрер жасқа зор абыроймен жеткен қауіпсіздік қызметкеріне университеттің «Өндірістік, техникалық және инфрақұрылымдық қамтамасыздандыру» департаменті директорының орынбасары Мұхит Шектібаев басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтің құттықтау хатын табыстады.

– Университет ұжымы сізді жақсы таниды, еңбегіңізді бағалайды. Ортаңызға сыйлы, адал азаматсыз. Біз сіздерге қарап бой түзейміз, – деді Мұхит Дүйсенбекұлы.

«Қауіпсіздік және тәртіп сақтау» бөлімінің басшысы Жанболат Мусадиев мерейтой иесінің жұмысқа жауапкершілігі жоғары, еңбекқор қызметкер екенін атап өтті. Сонымен қатар ұжым атынан Ерболат Шамұратұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Он жылдан астам уақыт іргелі оқу орнының қауіпсіздігі саласында жемісті еңбек еткен Ерболат Хайруллин әріптестеріне алғыс білдірді. – Ұжымымыз өте жақсы жандардан құралған. Біздің бөлімде тәлім мен тәрбиеге баса көңіл бөлінеді. Жасы кіші әріптестерге үлгі болуға тырысамыз. Жұмысқа келген жылдары «Политехникалық институт» ғимаратының қауіпсіздігіне жауапты болған едім. Одан кейін де оқу орны аумағындағы бірнеше нысанда еңбек еттім. Қазіргі уақытта қойманың қауіпсіздігін қадағалаймын, – деді мерейтой иесі. Тағы бір айта кетерлігі, Ерболат Хайруллиннің перзенттерінің бірі – елімізге танымал жайдарманшы, «Назар аудар» театрының белді актеры Ғазиз Ерболатұлы. Өзі де өнерге жақын Ерболат Шамұратұлы университеттегі түрлі іс-шараларға белсене қатысып жүреді.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале