31.10.2023, 9:00
Оқылды: 1

Қауіпті жерде жұмыс істейтін қазақстандықтардың 15,4 пайызы Қарағанды облысында шоғырланған

Кейінгі екі жылда зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 5 пайыз артқан, деп хабарлайды Kazinform.

4598EEAA-82F8-4312-8D64-7AB4AB69F27C

Сурет: pixabay.com

23 қазанға дейін Ашық НҚА порталында 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қоғам талқысында болған еді.

Осы құжаттағы деректерге сүйенсек, 2022 жылы зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін адам саны 2020 жылмен салыстырғанда 5% артып, 386,3 мыңнан асқан.

Бұл көрсеткіш әсіресе өңдеу өнеркәсібінде (26,9%), тау-кен өндірісінде (24,5%), көлік және қойма саласында (14,1%) жиі тіркелген.

Өңірлер арасында Қарағанды (15,4%), Павлодар (10,5%) және Маңғыстау облыстары (10,0%) алғашқы үштікте тұр.

Ресми статистика бойынша, 2022 жылдың қорытындысында қызметіне байланысты жазатайым оқиға кезінде зардап шеккендердің жиілік коэффициенті 1000 жұмыскерге шаққанда 0,44 зардап шегушіден келген.

Ал жазатайым оқиғадан қаза тапқандар жиілігінің коэффициенті 1000 жұмыскерге шаққанда 0,037 болған. Яғни, былтыр елдегі әрбір 1 млн жұмыскердің ішінде 37 адам жұмыс істеп жүріп қаза тапқан.

Салалардың ішінде өндірістік жарақаттың неғұрлым жоғары деңгейі де (1000 адамға 1,9) қаза тапқандардың жиілік коэффициенті де (0,12) тау-кен саласында тіркелген.

Одан кейінгі орында — өңдеу өнеркәсібі (тиісінше 1,2 және 0,07).

Қарағанды облысы өндіріс кезіндегі оқыс оқиғалардан адам ең көп зардап шегетін өңірлердің де көшін бастап тұр (жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің жиілік коэффициенті — 1,2; жазатайым оқиғалардан қаза тапқандардың жиілік коэффициенті — 0,09).

Одан кейінгі орындарға Ұлытау (тиісінше 4,3 және 0,03) мен Шығыс Қазақстан облысы (тиісінше 1,0 және 0,04) жайғасқан.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жасырын жарақаттану көрсеткіші 11:1 болды, яғни әр 11 жарақаттану фактісінің біреуі жасырын қалады деген сөз.

Бұл әлемнің дамыған елдерінің көрсеткішімен салыстырғанда өте жоғары.

Мысалы, бұл көрсеткіш Финляндияда 5750:1, Германияда — 1811:1, Италияда — 548:1 және Жапонияда — 177:1.

Елдегі жасырын жарақаттанудың ең үлкен көрсеткіші құрылыс (4:1) және ауыл шаруашылығы (4:1) салаларында тіркелген.

«Бұл еңбекті қорғауды басқару жүйесін ұйымдастырудың төмен деңгейімен түсіндіріледі», — делінген тұжырымдамада.

Ал тау-кен өндірісінде бұл көрсеткіш — 21:1.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале