21.11.2023, 9:15
Оқылды: 295

Қауымдастырылған профессор атағы берілді

 

Жуырда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаеваға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының  бұйрығымен қауымдастырылған профессор (доцент) атағы берілді.

eb2e8e6e-d24e-496d-8e4f-d2842acfbf45

Бақтылы Сансызбайқызы – «Ғұмар Қараштың қоғамдық-саяси қызметі», «Ұлы Отан соғысына қатысқан Батыс Қазақстан облысының қыздары», «ХІХ ғасырдың ІІ жартысы ХХ ғасырдың І жартысындағы Орал өлкесінің тарихи мәдениеті» атты монографиялар мен «Отты жылдар қаһармандары» атты естеліктер жинағының ауторы. Сондай-ақ аутордың «Капустин Яр» әскери полигоны: «Қазақ депортациясы» монографиясы мен «Орал, Бөкей губернияларындағы ашаршылық (1921-1922 ж. ж.) Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архив құжаттары» жинағы көпшілік  арасында сұранысқа ие болды.

Гүлсезім Бияшева,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале